29.07.2008, 18:26 3000

Қостанай облысында жанармай құю станциясында жарылыс болу салдарынан бір адам қаза тапты

Қостанай облысында жанармай құю станциясында жарылыс болу салдарынан бір адам қаза тапты

Рудный. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысындағы Рудный - Тобыл тас жолының 51 шақырымында жанармай құю станциясында жарылыс болды, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рудный - Тобыл тас жолының 51 шақырымындағы "Юнис" жанармай құю станциясында жанармай сақтайтын орынды тазалау кезінде жанармай құю станциясының жұмысшысы қайтыс болды.

Оқиға 28 шілде күні кешке болған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бастапқы болжам бойынша жұмысшы үшкір күрекпен жанармай сақтайтын орынды тазалаған. Қабырғаны қатты ұрған кезде цистернадан ұшқын шығып, жанармай буы жанып кеткен. Өрт сөндірушілер бұл жұмыстардың қауіпсіздік техникасын бұза отырып жасалғанын атап көрсетіп отыр.

Оқиға орнына өрт сөндіруші екі көлік келген. Алайда, жанармай құю станциясының қызметкерлері өртті өз күштерімен сөндірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны