05.10.2007, 16:51 3077

Қостанай облысында жергілікті тұрғынынан 300 кг астам марихуана және 3,5 кг гашиша тәркіленді

Қостанай облысында жергілікті тұрғынынан 300 кг астам марихуана және 3,5 кг гашиша тәркіленді

Қостанай. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында полицейлер "Мак" іс-шарасын өткізу барысында жергілікті тұрғынынан 300 кг астам марихуана және 3,5 кг гашиша тәркілеген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ірі көлемдегі есірткі Федоровск ауданының Озерный аулының 45 жасар тұрғынынан тәркіленген. "Ұсталғанның үйін тексеру барысында полиция қызметкерлері марихуана салынған 26 қап пен гашиша салынған үш дорба тауып, тәркілеген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр, тергеушілер есірткінің аймаққа келу арнасынан анықтауда.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Қостанай облысының полицейлері заңсыз айнылымнан бір тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны