15.07.2016, 15:19 8009

Қостанай облысында жол апатынан 2 адам көз жұмып, жетеуі зардап шекті

"Тойота" тізгіндеген 48 жастағы ақтөбелік маневр жасау ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте 51 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан "Уаз" көлігімен соқтығысқан. Бұл көліктіӊ ішінде екі жолаушы отырған. Ал "Тойота" көлігінде төрт жолаушы, соныӊ ішінде 14 пен 16 жастағы жасөспірімдер бар", - деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Кеше Қостанай облысында екі ірі жол апаты орын алып, 7 адам зардап шекті, екі адам көз жұмған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеше Қостанай-Иулиекөл-Сұрған тас жолында екі көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты. Тағы алты адам жарақат алған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Тойота" тізгіндеген 48 жастағы ақтөбелік маневр жасау ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте 51 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан "Уаз" көлігімен соқтығысқан. Бұл көліктіӊ ішінде екі жолаушы отырған. Ал "Тойота" көлігінде төрт жолаушы, соныӊ ішінде 14 пен 16 жастағы жасөспірімдер бар", - деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан "УАЗ" жүргізушісі мен қасындағы жолаушы -1957 жылғы әйел ажал құшты.

Қалғандары жарақат алған, олар Октябрь ауылдық ауруханасына жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сараптамалар белгіленді.

Дәл осы күні кешкі сағат 20:45-те Қамысты ауданында Талдыкөл ауылына таяу маӊда оқыс оқиға болды. "Газель" айдаған 31 жастағы жүргізуші теміржолдыӊ реттелетін жол айырығында Астана-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызымен соқтығысқан. Салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға түсті.

Айта кетсек, жыл басынан бері Қостанай облысында 191 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 24 адам мерт болып, 244-і жараланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны