21.10.2011, 11:44 3476

Қостанай облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам мерт болды

Қазанның 20-ы күні сағат 04.24 Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Боровское ауылындағы үйде тұрмыстық газ баллоны жарылып, арты өртке ұласқан.

Астана. 21-қазан. Kazakhstan Today - Қостанай облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазанның 20-ы күні сағат 04.24 Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Боровское ауылындағы үйде тұрмыстық газ баллоны жарылып, арты өртке ұласқан.

Өртті сөндіру кезінде 56 жасар ер азамат пен 83 жасар зейнеткер әйелдің мәйіті табылды. 1964 жылы туған ер азамат денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шапыған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны