17.10.2011, 10:26 3197

Қостанайда болған көлік апатының салдарынан бір адам мерт болып, РФ бес азаматы зардап шекті

16 қазан күні 20.15 Қостанай облысындағы "Алматы - Екатеринбор" автожолының 399-шақырымында "Мицубиси" және "Ниссан" көліктері соқтығысқан.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Қостанайда болған көлік апатының салдарынан бір адам мерт болып, РФ бес азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қазан күні 20.15 Қостанай облысындағы "Алматы - Екатеринбор" автожолының 399-шақырымында "Мицубиси" және "Ниссан" көліктері соқтығысқан. Көлік апаты салдарынан "Мицубиси" көлігінің 27 жастағы жолаушысы ауруханаға барар жолда көз жұмған.

"Ниссан" көлігінің бес жолаушысы - Ресей Федерациясының азаматтары - түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Олардың арасында бір жасар нәресте бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны