20.09.2006, 14:48 2755

Ленин атындағы шахтада қаза тапқан 18 адамның мәйіті табылды, тағы 25 кеншінің тағдыры беймәлім

ҚАРАҒАНДЫ. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада қаза тапқан 18 адамның мәйіті табылды, тағы 25 кеншінің тағдыры беймәлім. Бұл туралы "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презент бүгін баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Қазіргі жағдаймен қаза тапқан 18 кеншінің мәйіті табылды. Жер астында тағы 25 адам қалып отыр. Олардың тірі екенінен үміт жоқ",- деп мәлімдеді Г.Презент.

Оның айтуынша, бүгін 8 сағат 56 минутта Ленин атындағы шахтаның қазба бөлімінде метан жарылған. Сол сәтте кен орнында 620 метрлік тереңдікте 374 адам болған. Жарылыс болған жерде осы ауысымда жөндеушілер тобы жұмыс істеп жатқан.

Тірі қалған кеншілерді 100 адамнан тұратын әскери тау-кен құтқарушылары тобы жер бетіне шығарды. "Шахтада қазіргі жағдаймен бет қаратпайтын ыстық пен улы газ жайлағандықтан, жұмыстар уақытша доғарылды",- деді Г.Презент. Мәйіттерді шығару жұмыстары да басталған жоқ.

Шахтадағы жарылыс дерегі бойынша үкімтетік комиссия құрылды. Таяу уақыттарда оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмаханов келедідеп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны