13.03.2007, 14:28 3322

Маңғыстау облысында арнайы іс-шара аясында 1,3 килограмнан астам героин тәркіленді

АҚТАУ. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Маңғыстау облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері мен "Арыстан" аймақтық бөлімшенің қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы жүргізген "Өзен синдикаты" атты жедел-іздестіру арнайы іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 1,3 килогармнан астам героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық ҰҚКД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, іс-шара барысында, сондай-ақ, кіші калибрлі ТОЗ-8 маркалы бесатар, 16 калибрлі шолақ аңшы мылтығы, оқ-дәрілер мен есірткі сатудан түскен 35 млн теңге тәркіленген. Есірткі сатушы топтың бес белсенді мүшесі ұсталды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, аумаққа Өзбекстаннан контрабандалық героин тасымалдау арнасы анықталып қана қоймай, Жаңаөзендегі героин сату желісі де жойылды.

ҰҚКД түсіндіргендей, бұл іс-шараға "Арыстан" арнаулы бөлімше қызметкерлерін тартуға қылмыскерлерде атыс қарулары бар және олар құқық қорғау органдарымен бетпе-бет келіп қалған кезде қарсылық көрсетуі мүмкін деген ақпарат себеп болған.

Жалпы бұл хабарлама заңсыз сақталған қару-жарақты тәркілеген кезде расталды. Сонымен қатар, үйлердің бірін тінту барысында 600 грамм героин мен кіші калибрлі бесатар табылып, тәркіленді. Жедел-тергеу тобына қарсылық көрсетуге талпыныс жасалды.

Бұл істі негізгі ұйымдастырушылары мен қатысушылары апалы-сіңілілі төрт әйел мен олардың күйеулері екендігі, сонымен қатар курьер ролін Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасының азаматы екендігі анықталды. Сондай-ақ, Өзбекстандағы есірткі сатушы тұлғаның аты-жөні де анықталды.

ҰҚКД тергеу бөлімі оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша (Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату)сегіз қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны