23.01.2012, 11:39 2869

Маңғыстау облысында болған жарылыс салдарынан бір адам мерт болды

Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында гидроаккумулятор жарылып, жарылыс салдарынан темір ұстасы мерт болып, бұрғылаушы жарақат алған.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында болған жарылыс салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында гидроаккумулятор жарылып, жарылыс салдарынан темір ұстасы мерт болып, бұрғылаушы жарақат алған.

Сенбі, 21 қаңтар күні сағат 15:10-да Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы "Өзен" кен орны "Бұрғылау" ЖШС-нің № 3996 ұңғысында атылуға қарсы жабдықты орнату және жөндеу кезінде гидроаккумулятор жарылып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы жөндеуші темір ұстасы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, түрлі соққы алған 33 жастағы бұрғылаушы ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны