06.01.2010, 12:36 2624

Маңғыстау облысында бұрқасын кезінде ауылдан шығып кеткен 11 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Маңғыстау облысында бұрқасын кезінде ауылдан шығып кеткен 11 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Астана. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында бұрқасын кезінде ауылдан шығып кеткен 11 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бейнеу ауданының Бейнеу ауылынан 5 қаңтарда сағат 14.00-де 11 адам, соның ішінде үш бала автокөлікпен Ноғайты және Тұрыш ауылдарына қарай шыққан. Қар жауып, ауаның температурасы күрт төмендеп, күн райының нашарлауына байланысты олар үйлеріне оралмаған.

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіруге ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД-нің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ мәліметінше, кешегі сағат 23.00-ден бастап Бейнеу ауданынан Атырау облысы мен Ақтауға қарай барлық көлік түрлері үшін жолдарды жабу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында кеше сағат 04.30-да қатқаққа байланысты Қарағанды - Павлодар және Қарағанды -Жезқазған бағытындағы жолдар барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны