22.09.2010, 14:35 3223

Маңғыстау облысында магистральді газ құбырында екі жарылыс болды

Маңғыстау облысында магистральді газ құбырында екі жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 22- қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында магистральді газ құбырында екі жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, бүгін сағат 01.40 Маңғыстау облысы Сай-Өтес кентінен бір шақырым жерде "Интер Газ Орталық Азия" компаниясына тиесілі магистральді газ құбыры екі жерден жарылып, оны арты өртке ұласты.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылған.

Апатты жоюға облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 22 адамы мен 6 техникасы; "Семсер Өрт-сөндіруші" ЖШС-ның 5 адамы мен 1 техникасы; "Атырау" Магистральді газ құбырлар басқармасының 20 адамы мен апатты-қалпына келтіру пойызы, "Интер Газ Орталық Азия" компаниясының 20 адамы және "Қарақұдық Мұнай" ЖАҚ-тың 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны