02.02.2007, 15:34 3013

Маңғыстау облысында мұнай құйылған төрт теміржол цистернасын ұрлау әрекетінің жолы кесілді

АҚТАУ. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комиетті департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мұнай құйылған төрт теміржол цистернасын ұрлау әрекетінің жолы кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, күш құрылымдарының қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытына жөнелтуге дайындалған шикі мұнай құйылған цистерналарды Жаңаөзен қаласындағы "Илия" ЖШС теміржол тұйықтамасында құрықтады.

Тексеру барысында, цистерналардың "Энергорезерв-Петролеум" ЖШС тиесілі екендігі және де аталмыш тауардың жолдама құжаттары жоқ екендігі анықталды. "Энергорезерв-Петролеум" ЖШС пен "Pipeline" ЖШС құрған есеп шот фактурасына сәйкес, цистерналарға құйылған шикі мұнайдың бағасы 4,6 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, цистерналар әшкерленгеннен кейін "Энергорезерв-Петролеум" ЖШС басшылары пара бермек болған. "Қазақстан Республикасының ҰҚК қызметкерлері М.С. Садыбеков мен В.В. Руденконы 700 мың теңге көлемінде пара беру үстінде құрықтады. Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 312-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады",- деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында, "Энергорезерв-Петролеум" ЖШС директоры Садыбеков М.С. мен оның серіктесі Руденко В.В. мұнау өндіруші компания қызметкерлерімен сөз байласып, солардың көмегімен шикі мұнайды ұрлаған. Мұнай өндіруші компания қызметкерлерінің аты-жөні анықталған жоқ. "Энергорезерв-Петролеум" ЖШС директоры М. Садыбеков пен оның серіктесі В. Руденконың және мұнай өндіру компаниясының белгісіз лауазымды тұлғаларының әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағаның "б" тармақшасында қарастырылатын (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру, ірі көлемде жасалған) қылмысқа жатады",- деп көрсетілген баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны