07.02.2011, 13:40 3301

Мәскеу - Алматы бағытындағы пойызға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарланған

Мәскеу - Алматы бағытындағы пойызға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - Мәскеу - Алматы бағытындағы пойызға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 7-ақпан күні сағат 03.39 Батыс Қазақстан облысының ҚҚД пультіне "Мәскеу-Алматы" бағытындағы №8 пойызының № 2,3,4 вагондарында жарылғыш зат орнатылғандығы туралы хабар келіп түсті", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайды жоюға құрамында Батыс Қазақстан облысының ТЖД екі бірлік техникасы мен 9 адам бар, жедел әсер ету қызметі жұмылдырылған.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде жарылғыш заттар табылған жоқ", - деп нақтылады ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны