12.04.2011, 15:36 3661

Минскіде болған жарылыс құрбандарының саны 12 адамға жетсе, тағы 149 адам зардап шеккен

Минскіде болған жарылыс құрбандарының саны 12 адамға жетсе, тағы 149 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 12 - сәуір. Kazakhstan Today - Минскіде болған жарылыс құрбандарының саны 12 адамға жетсе, тағы 149 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Россия 24" телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқандардың алтауының кім екендігі анықталған. Ал зардап шеккендердің арасында РФ екі азаматшалары бар, деп жазады РБК.

Естеріңізге сала кетсек, 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 17.55-те Минскідегі "Октябрьская" метрополитен станциясында жарылыс болған.

Бомба адамдар көп жүретін кезде және Минск метрополитеніндегі жолаушылар ауысып отыратын жалғыз бекетте - "Октябрьская" және "Купаловская" станцияларында екі пойыз тұрған кезде жарылған.

Жарылыс себептері әзірге белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны