05.09.2006, 09:53 2673

"Mittal Steel Temirtau" компаниясында транспортер лентасы жанып кету салдарынан жабынды құлады, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысы Теміртау қаласында "Mittal Steel Temirtau" АҚ-ның домна цехында транспортер лентасы жанып кету салдарынан жабынды құлады, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 5-қыркүйекте 00 сағат 08 минутта болған. Транспортер лентасы жанып кету салдарынан галереяның 360 шаршы метр аумақтағы жабындысы құлады.

Өрт 2 сағат 19 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 71 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны