27.04.2012, 15:28 3479

Нигерияда бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы лаңкестік шабуылдар болды

Елдің орталығындағы Кадуна қаласында жергілікті 3 газеттің редакциясы орналасқан ғимараттың қасында жанкешті лаңкес жүргізіп келе жатқан автокөлік жарылды. Одан 4 адам қаза тауып, 26-сы жараланды.

Астана. 27-сәуір. Kazakhstan Today - Нигерияда бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы лаңкестік шабуылдар болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елдің орталығындағы Кадуна қаласында жергілікті 3 газеттің редакциясы орналасқан ғимараттың қасында жанкешті лаңкес жүргізіп келе жатқан автокөлік жарылды. Одан 4 адам қаза тауып, 26-сы жараланды.

Көбі ауыр жараланғандықтан, қаза тапқандар саны өсе түсуі мүмкін, - дейді тәртіп сақшылары. Оқиға куәгерлерінің бірі айтқандай, жарылыстан бұрын автокөлік жүргізушісі онда бомба бар деп айғайлаған. Осы кезде оның қасындағы адам жарылғыш затты сол маңдағы бір топ адамға қарай лақтырып жіберген.

Басқа бір жарылыс Нигерия астанасы Абуджа қаласында болды. Мұнда жанкешті лаңкес "Зис Дей" газетінің редакциясы ауласында бомба жарған. Жарылыстан 3 адам қаза тапса, оннан астамы жараланды. Шабуылдарды радикалды "Боко Харам" тобының ұымдастырғаны белгілі. Соңғы 1 жылда аталған ұйым іске асырған жарылыс пен шабуылдардан 440 адам қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны