22.04.2011, 11:20 3868

ОҚО белгісіз біреу полицияға облыс аумағындағы алты базарға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған

ОҚО белгісіз біреу полицияға облыс аумағындағы алты базарға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шымкент. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - ОҚО белгісіз біреу полицияға облыс аумағындағы алты базарға жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының АІІБ-сына 6 базар аумағына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскен.

"АІІБ-ға 6 базардың: Темір базары, Сапар базары, Исмадьяров базары, Ибен базары, Достық базары, Көбей ата базары аумағына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түсті", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖ қызметі келіп, 281 адам және шұғыл қадағалау қызметтерiнiң 22 дана техникасы жұмылдырылды. Өткiзiлген арнайы шаралар нәтижесінде жарылғыш заттар табылмады.

Фото: rian.ru

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны