11.06.2009, 09:45 2537

Оңтүстік Қазақстан облысында 400 гектар аумақта далалық өрт шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында 400 гектар аумақта далалық өрт шықты

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында 400 гектар аумақта далалық өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында 10 маусымда сағат 20.05-те 400 гектар аумақта далалық өрт шықты.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, өрт 22.18-де шоғырландырылып, сағат 23.16-да сөндірілді. Өрт ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 11 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 79 адамының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны