30.04.2010, 09:55 3975

Оңтүстік Қазақстан облысында электр жалғастыру жүйесіндегі апат жойылды

Оңтүстік Қазақстан облысында электр жалғастыру жүйесіндегі апат жойылды

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында электр жалғастыру жүйесіндегі апат жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 сәуірдегі сағат 18.46-дағы жағдаймен жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС-нің апаттық топтары толық аяқтады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында электр жалғастыру желісінің бағанына зақым келуге байланысты жеке меншік сектордағы 450 абонент жарықсыз қалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 19.47-де Көкбұлақ ауылы маңында электр жалғастыру желісінің бағанына зақым келуге байланысты 5 трансформаторлық шағын станциялар кешені апаттық жағдайда үзілді. Соның салдарынан Сайрам ауданының Жаңаталап елдімекенінде тұратын жеке меншік сектордағы 450 абонент жарықсыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны