04.04.2007, 11:24 2926

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі тасушы ұсталды

ШЫМКЕНТ. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚКД қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп есірткі тасушыны үш килограмм героинмен ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 40 жастағы Қазақстан азаматы Мақтаарал ауданында қолға түскен. Оның көлігінен 3 килограмм 23 грамм героин табылған. Тексеру барысында белгілі болғанындай, бұл адам бұрын қарақшылық шабуыл үшін істі болған екен.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам ҰҚКД-нің уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны