11.03.2007, 16:51 3170

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер героиннің ірі партиясын тәркіледі

ШЫМКЕНТ. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер 9 килогармм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының кеден бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 1-наурызда ОңтүстікҚазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері "Төле би" кеден бекетінде жедел - іздестіру шараларын жүргізу барасында Қазақстанның азаматын ұстаған. Кеденшілердің мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған еркек Өзбекстаннан Қазақстанға арбаға тиелген қапқа салынған пияз, сәбіз және картоп әкеле жатқан. Ұсталғанның айтуынша, қол арба Өзбекстан азаматына тиесілі, ол ұсталғанға тауарды Өзбекстан аумағынан Қазақстанға өткізіп беруді сұраған, ол үшін ақы төлеуге уәде берген.

Департаментте хабарлағандай, жүкті қарау барысында жапсырғышқа оралған қара сұрғылт түсті заты бар тоғыз бума табылған. "Сот-криминалистикалық қорытынды тәркіленген заттардың салмағы 8 кг 852 грамм героин екендігін көрсетіп отыр",- деп түсіндірді департаменттегілер.

Аталмыш дерек бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250 бабының 1-тармағы мен 259-бабының 2-тармағы бойныша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны