08.09.2009, 15:07 3031

Оңтүстік Қазақстан облысында құлаған тікұшақта 13 әскери болған (толықтырылған)

Оңтүстік Қазақстан облысында құлаған тікұшақта 13 әскери болған (толықтырылған)

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында құлаған тікұшақта экипаж мүшелерін қоса 13 әскери болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тікұшақ бортында экипаж мүшелерін қоса 13 әскери болған", - делінген баспасөз баянында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тікұшақпен арадағы байланыс сейсенбіде сағат 13.30-да үзілген. Ұған орман шаруашылығы қызметкерлерінен Ұған шатқалы маңында тікұшақтың құлағаны туралы ақпарат келген.

"Қазір шекара қызметінің қызметкерлері ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерімен бірлесе іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде", -делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шекара әскерлерінен қарулы алты қылмыскер қазақ-өзбек шекарасынан заңсыз өтуге әрекеттеніп жатыр деген ақпарат келіп түскен.

"Осыған байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының қолбасшылығы қылмыскерлердің шекарадан өту мүмкіндігі бар тұстарда шекара күзетін күшейтуге шешім қабылдаған. Ұғам шатқалының таулы бөлігіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының Сарыағаш шекара отрядының "Арлан" барлау-іздеу тобы Ми-8 тікұшағымен ұшып шыққан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны