29.09.2008, 16:33 2964

Оңтүстік Қазақстан облысында мас жүргізуші мектепте оқитын үш қызды қағып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында мас жүргізуші мектепте оқитын үш қызды қағып кетті

Шымкент. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында мас жүргізуші мектепте оқитын үш қызды қағып өлтірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мас күйінде "Ауди-80" көлігін айдап келе жатқан 41 жастағы жүргізуші бесінші сыныпта оқитын үш қызды басып кетті. Біреуі оқиға орнында қаза тапса, екеуі ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды", - деді ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жолдағы апат Төле би ауданындағы бір ауылда болған.

Жүргізуші қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-тармағы және 297-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ОҚО ІІД-нің мәліметінше, қыркүйектің 1 мен 24 аралығында ОҚО-да жолдағы апаттардан 9 бала қаза тауып, тағы 48 бала жарақаттанған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны