16.05.2008, 17:38 2878

Оңтүстік Қазақстан облысында өзін дұғалатты деп анасын айыптаған жігіт оны өлтіріп тастады

Оңтүстік Қазақстан облысында өзін дұғалатты деп анасын айыптаған жігіт оны өлтіріп тастады

Шымкент. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында өзін дұғалатты деп анасын айыптаған 20 жастағы жігіт оны пышақпен жарақаттап өлтірді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жас жігіт 11 мамыр күні түнде өз анасының жүрегінен пышақпен жарақаттап, ол оқиға орнында жан тапсырған. Тергеу барысында ұсталған адам шешесі өзін дұғалатты деп жауап берген. "Анам маған суға дұға оқытқан. Соның әсерінен мен қатты ашуландым. Шешем мені көре алмады, маған айқайлайтын, содан менің қысымым көтерілді. Сондай-ақ, ол менің жұмыс істеп тапқан ақшамды тартып алды", - деп мәлімдеді тұтқын.

Полицияның мәліметінше, күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, қылмыс жасаған кезде мастықтан мүлдем ада болған, наркологиялық және жүйке ауруларының есебінде тұрмаған.

Қазір тұтқын тергеу абақтысында отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің кісі өлтіру жөніндегі 96-шы бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында психиатриялық сараптама жүргізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны