03.09.2007, 17:40 3215

Оңтүстік Қазақстан облысында Павлодар - Шымкент мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысқан облыс тұрғындары ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Павлодар - Шымкент мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысқан облыс тұрғындары ұсталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. Оңтүстік Қазақстан облысында Павлодар - Шымкент мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысқан облыс тұрғындары ұсталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қылмыстық топтың мүшелерін - екі оңтүстікқазақстандық пен бір қызылордалықты анықтап, ұстаған. Олар Бәйдібек к ауданы арқылы өтетін Павлодар - Шымкент мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысқан. Оларды 30-тамызда құрықтаған, ұйымдасқын қылмыстық топтың мүшелері "КамАЗ" маркалы көлікке мұнай құйып жатқан жерінен, қылмыс үстінде ұсталды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл топтың мүшелері мұнай құбырына жалғанған диаметрі 100 мм құбырды жер астына жасырған. Осы құбыр арқылы мұнай түнімен жанармай тасушы көлікке аударып құйылған, сосын ол Бадам теміржол станциясының маңындағы мұнайбазасына жөнелтіліп отырған.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы ұсталғандардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ұйымдасқан қылмыстық топтың жасаған ірі көлемде ұрлау қылмысын қарастыратын 175-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғап, осы бап бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны