21.05.2008, 17:51 2822

Оңтүстік Қазақстан облысында теміржол вагонында 300 -ге жуық снаряд табылды-телеарна

Оңтүстік Қазақстан облысында теміржол вагонында 300 -ге жуық снаряд табылды-телеарна

Шымкент. 21 мамыр. "Қазақтан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Қарағандыдан Шымкент бағытымен жолға шыққан теміржол вагонынан металдар арасынан 300 -ге жуық снаряд табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар"телеарнасына сүйене отырып.

Оқиға орнында болып қайтқан тележурналистердің мәліметтері бойынша, "Қызылсай " станциясының теміржол тұйықталымында тұрған вагонның ішінде расында да снарядтар жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 20 мамырда 17 сағат 00 минутта "Қызылсай" станциясында №67648840 жүк вагонына тиелган 60 тонна металдың ішінен снарядтардың бастарына ұқсас металл заттар табылды.

Жүк Қарағандыдан Шымкентке жіберілген. Қазіргі уақытта вагон бақылауға алынып, РҚ қорғаныс министрлігінің саперлері келеді деп күтілуде. Олар снарядтардың жарылу мүмкіндігін және жүктің қаншалықты қауіпті екендігін анықтайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны