31.03.2009, 11:32 3137

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам опат болып, төртеуі жараланды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам опат болып, төртеуі жараланды

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жол апатының салдарынан оқиға орнында екі адам қайтыс болды, төртеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ВАЗ" және "Опель" көліктері Жетісай-Жібек жолы учаскесінде соқтығысып қалады. "Жигули" жолаушылары - 71 жастағы кейуана мен 39 жастағы ер азамат оқиға орнында көз жұмып, екі жүргізуші мен "Опель" көлігінің екі жолаушысы - түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны