21.01.2010, 09:37 1910

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жатқызылды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Қазығұрт ауданында Алматы - Термез тас жолының 776-шы шақырымында сағат 18.10-да "Фольксваген" және "Хюндай" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 36 жастағы "Фольксваген" жүргізушісі, "Хюндай" көлігінде отырған 72 жастағы әйел мен екі жасар бала, сондай-ақ, аты-жөні анықталмаған бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Сондай-ақ, екінші көліктің 43 жастағы жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы, "Фольксваген" көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны