29.12.2007, 11:06 2770

Оңтүстік Қазақстан облысында жүк поезының үш вагоны шойын жолдан шығып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында жүк поезының үш вагоны шойын жолдан шығып кетті

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жүк поезының үш вагоны шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 28 желтоқсанда 18 сағат 10 минутта Оңтүстік Қазақстан облысында Қостүйін темір жол станциясында жүк поезінің мақта тиеген бір вагоны мен контейнерлер тиелген 2 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Апаттан қалпына келтіру жұмыстарына Арыс темір жол бекетінің қалпына келтіруші поезы тартылды. 23 сағат 56 минутта барлық жұмыстар аяқталды.

"Жолаушылар поездарынан Ақтөбе мен Алматының арасында қатынайтын №24 поездың қозғалысы 4 сағатқа, Алматы мен Мәскеу арасында қатынайтын №7 поездың қозғалысы 3 сағатқа кешіктірілді", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны