14.11.2006, 13:23 2910

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір ЖШС өрт шығып, 4 адам зардап шекті

АСТАНА. 14 қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір ЖШС ауласында өрт шығып, 4 адам зардап шекті, автобус, бензин таситын машина мен бензин сақтайтын сауыт өртеніп кеткен. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі миистрлігі хабарлады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің мәліметтерінше, кеше қарашаның 13-і "Ақбозат" ЖШС ауласында өрт шыққан. Нәтижесінде "ПАЗ-677М" автобусы, "ГАЗ-53" және 2 тонналық бензин құйылған сауыт өртеніп кеткен. Оқиға орнындағы 4 адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде өрттен келген шығын көлемі анықталып жатыр. Тілсіз жау төтенше жағдайлар қызметінің күшімен ауыздықталды. Өртті сөндіруге 15 өрт сөндіруші, 3 техника қолданылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны