27.08.2009, 17:33 3314

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты асырап алған анасын құрбысымен бірлесе отырып өлтірген жас әйелді ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты асырап алған анасын құрбысымен бірлесе отырып өлтірген жас әйелді ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

Шыскент. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облыстық соты асырап алған анасын құрбысымен бірлесе отырып өлтірген жас әйелді ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Облыстық соттың үкімімен 23 жастағы Роза Сабекова мүлкін тәркілеумен 16 жылға, ал 22 жастағы Ийгерім Ақбердиева мүлкін тәркілеумен 14 жылға бостандығынан айрылды. Олардың екеуі де жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтейді. Ал Роза Сабекованың күйеуі жігіті Олег Михеевке сот кісі өлтіру қылмысы жасалғалы жатқаны туралы полицияға хабар бермегені үшін 288 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2 ақпан күні "02" телефонына Шымкент қаласында өз үйінде 60 жастағы Имина Жаукеева есімді қарт әйелдің көптеген дене жарақаттары бар мәйіті табылды деген хабар келген. Сот-медициналық сараптама барысында анықталғанындай, әйелді басынан балғамен жарақаттап, сосын көп жерінен пышақтап, басына полиэтилен дорба кигізіп, тастап кеткен. Пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрланды.

Кісі өлтіру оқиғасын ашу мақсатында ОҚО ІІД-нің кәсіби тергеушілері мен жедел қызметкерлері бір жарым ай уақыт жұмыс жүргізді. Жүргізілген іс шараның нәтижесінде сезіктілерді ОҚО ІІД қызметкерлері Алматы қаласында анықтап, ұстады.

ІІД ақпаратына сәйкес, қарт әйелді жәбірленушінің 1986 жылы туған өгей қызы Роза Сабекова мен оның 1987 жылы туған құрбысы Ийгерім Ақбердиева өлтірген болып шықты. "Белгілі болғанындай, анасы мен қызының арақатынасы жақсы болмаған. Ақпан айының басында қызы Шымкентке өзінің көңілдесі, 24 жастағы Өзбекстан азаматымен бірге анасын өлтіру мақсатында келген. Алайда кейін жігіт райынан қайтып Алматыға оралады. Сол кезде күдікті көмекке өзінің құрбысын шақырған, ол бірден көне кеткен. Ол үйге қарақшылық шабуыл жасап, үйден алтын бұйымдарды ұрлап әкетуді ұсынады. Қылмысты жүзеге асыра салысымен күдіктілер Алматыға таксимен жүріп кетеді. Оларды ОҚО ІІД қызметкерлері Алматыда ұстады",- делінген ІІД хабарламасында.

Ұсталғандар жасаған қылмыстарын толық мойындады, олардан айғақзат ретінде жәбірленушінің алтын бұйымдары тәркіленіп алынды. Кейін тергеу барысында мәлім болғанындай, өгей қыз асырап алған өз анасын оның төрт бөлмелі пәтерін иемденіп алу үшін өлтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны