23.06.2008, 09:58 1298

Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында жол апатынан 8 адам қаза тауып, 26 адам жарақаттанды

Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында жол апатынан 8 адам қаза тауып, 26 адам жарақаттанды

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында жол апатынан 8 адам қаза тауып, 26 адам жарақаттанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 22 маусымда 15 сағат 06 минутта Қарағанды облысында Қарағанды - Қарқаралы (8 шақырым) тас жолында "Мерседес" автобусының жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай қалды. Соның салдарынан автобус жантая құлады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, салонда 60 жуық жолаушы болған. Жол апаты салдарынан түрлі жарақаттармен 17 адам, соның ішінде екі бала ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, 22 маусымда сағат 08.00-де Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент - Самара (20 шақырым) тас жолында "Ауди" көлігі "Газель" көлігімен соқтығысты. Жол апатынан "Ауди" жүргізушісі мен автобуста отырған жеті жолаушы, соның ішінде үш бала қаза тапты. Автобус жүргізушісі мен сегіз жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны