30.01.2008, 17:36 3276

Оңтүстік Жезқазған руднигінің кеншілері ереуіл жасауға дайын

Оңтүстік Жезқазған руднигінің кеншілері ереуіл жасауға дайын

Жезқазған. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Жезқазған руднигі кеншілерінің талаптары орындалмаған жағдайда олар ереуілге шығатын болады. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісіне телефон арқылы Жезқазғаннан Қарағанды облысының ерікті кәсіподақ конфедерациясының сарапшысы Павел Шумкин хабарлады.

"Қазір бәрі күту үстінде. Кеншілер арасындағы кернеулік әлі басым. Егер олардың талаптары орындалмайтын болса, ондай олар ереуілге шығады", - деп хабарлады П. Шумкин.

"Икімшілік мұны бастап жүргендерді жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан болатын. Олардың бірінші қатарына машинист Мырзақоңыров тұрған. Бірақ әкімшілік оған қатысты шешімді тоқтатты ", - деп атап өтті П. Шумкин.

Жезқазған кеншілері еңбек ақыларын көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен. Сонымен қатар, жұмысшылар кесімді сыйлық еңбек ақысын, кесімді еңбек ақысына ауыстыруды және жарақат алғаны үшін 100 пайыз өтем ақы төлеуді талап етуде. Сондай-ақ, жұмысшылар талаптар тізімін ресми түрде бекітпеген, оны олар жуырда кәсіподақ жетекшілерімен талқылайтын болады.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, 21 қаңтарда кеншілер әкімдік пен корпорация жетекшілеріне, 13 талаптан тұратын өтініштері орындалмайтын болса, ереуілге шығатындары жөнінде арыз тапсырған болатын. Онда бірінші кезекте, кеншілердің еңбек ақысын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбекке жарамсыз болып қалған анықтама қағаздарына 100 пайыз төлем беру және ауысым жұмысын өзгерту жөнінде мәселелер тұрды.

Ақпарат Сәтпаев қаласының кеншілері ұйымының бірлескен ынталы тобының мүшесі Қанатбек Мырзатаев телефон арқылы берілген болатын. Оның сөздері бойынша, бұл талаптар "Қазақмыс" корпорациясы жетекшілерінің қарауына үш рет тапсырылғанымен, олар тіс жармаған. Осыған байланысты кеншілер наразылық акциясын бастауды ұйғарған.

Ал "Қазақмыс" корпорациясы 23 қаңтарда өз кезегінде агенттіктің атына "Қазақмыс" корпорациясы жетекшілеріне Жезқазған аймағының кеншілері атынан ешқандай үндеу мен арыз жіберілмегенін алға тартып, оны хат түрінде жоққа шығарды. Сонымен қатар, олардың хатында, "кеншілердің ереуіл жасайтыны жөнінде ешқандай дәлел жоқ" деп айтылған болатын.

Сәтпаев қаласының әкімдігі де "Қазақмыс" корпорациясының №65 шахта кеншілерінен арыз түскенін жоққа шығарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны