13.04.2009, 10:03 1213

Оралда 6 мыңдай тұрғын кәріз коллекторында болған апат салдарынан сусыз қалды

Оралда 6 мыңдай тұрғын кәріз коллекторында болған апат салдарынан сусыз қалды

Астана. 13 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оралда 6 мыңдай тұрғын кәріз коллекторында болған апат салдарынан сусыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Оралда Еуразия даңғылында 12 сәуірде сағат 13.00-де диаметрі 1000 миллиметрлік құбырдың тозуы салдарынан кәріз коллекторы жарылды, бұл қаладағы су қамтамасыздығы жүйесіндегі қысымның төмендеуіне әсер етті. Жарылған бөліктің ұзындығы - 30 метр.

ТЖМ баспасөз қызметінің түсіндіруінше, "Айгүл ықшамауданы мен 2-ші жұмысшылар кентінде тұратын 5-6 мың тұрғынның тіршілік жағдайына нұқсан келді".

"Тұрғындарға су жеткізіліп жатыр. Оқыс оқиға орнында "Орал Су Арнасы" МКК-ның 12 адамы мен 10 техникасы жұмыс істеуде", -деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны