28.10.2007, 14:02 3014

Оралда әскерге шақырылған екі азамат кісі өлтірді

Оралда әскерге шақырылған екі азамат кісі өлтірді.

Орал. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оралда әскерге шақырылған екі азамат кісі өлтіріп, қылмыс болған жерден бой тасалаған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, төтенше оқиға 23-қазанда қаладағы дәмханалардың бірінде болған, онда жастар өздерінің әскерге шақырылған достарын армияға шығарып салу құрметіне кештік ұйымдастырған. Ал көрші үстелде тағы бір топ туған күн тойлап отырған.

Полицейлердің хабарлауынша, отырыс қызған кезде көрші үстелде отырғандармен арада сөзталас туып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес салдарынан бір адам қайтыс болып, екі адам ауыр пышақ жарақаттарын алған. Кісі өлтірді деген күдіктілерге - әскерге шақырылған екеуге - іздеу жарияланды. Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96-бабы бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны