04.06.2008, 10:39 1335

Оралда азаматтық соғыстан қалған артилериялық снаряд табылды

Оралда азаматтық соғыстан қалған артилериялық снаряд табылды

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оралда азаматтық соғыстан қалған артилериялық снаряд табылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 3 маусымда 08 сағат 53 минутта Орал қаласында жергілікті тұрғындар облыстық филармония, дүкен, облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы орналасқан әкімшілік ғимаратының 2-3 қабаттары арасындағы қабырғаның ішінен снарядты тапты. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, ҚР Қорғаныс министрлігінің "Батыс" өңірлік басшылығының саперлер тобы және ҚР Ішкі істер министрлігінің "Арлан"тобының қызметкерлері снарядты шығарып алды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "табылған снаряд азаматтық соғыс кезінде шығарылған (диаметрі - 76 миллиметр, жарылғыш басы 46 миллиметр, ұзындығы- 300 миллиметр). Снаряд карьерде жарылу арқылы жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны