16.06.2021, 23:50 21533

Оралда күзетте болған сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

ОРАЛ. 16 МАУСЫМ - Оралда әскери борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды. 
 
Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған, деп хабарлайды "Хабар 24".
 

Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізілуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз", - деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.

 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны