10.08.2009, 17:30 2879

Өртеніп жатқан пәтерден өз көршісін құтқарып алған Семей тұрғыны ризашылық грамотасымен марапатталды

Өртеніп жатқан пәтерден өз көршісін құтқарып алған Семей тұрғыны ризашылық грамотасымен марапатталды

Cемей. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Өртеніп жатқан пәтерден өз көршісін құтқарып алған Семей тұрғынын Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ризашылық грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Семей қалалық Төтенше жағдайлар департаметнінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21 маусымда өртке қарсы күрес қызметінің пультіне 35-ші кварталдағы №4 үйде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен. Белгілі болғанындай, бір пәтердің дәлізінде диван өртенген. "Көрші пәтерде тұратын 42 жастағы Сергей Смагин өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйге кіріп, ес-түссіз жатқан 48 жастағы пәтер қожайынын алып шыққан", - дейді Семей қалалық Төтенше жағдайлар департаметні төрағасының орынбасары Марат Дүкенев.

"Көршімді үйден шығарған сәтте мен қорыққан жоқпын, тек құтқарып болған соң ғана қорқыныш туды. Бұл әрекетті мен ерлікке баламаймын, менің орнымда кім болмасын осыны жасар еді", - деді С. Смагин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны