22.10.2007, 10:21 1698

Өскеменде автобус жүк поезымен соқтығысты, бір адам қаза тапты

Өскеменде автобус жүк поезымен соқтығысты, бір адам қаза тапты.

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде автобус жүк поезымен соқтығысты, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, апат 21 қазанда Локоть-Лениногорск станциясынан 248 шақырым жерде темір жол өткелінде болған.

"Жолаушыларсыз келе жатқан "ФАВ" автобусы № 3403 поезбен соғысты. Апат салдарынан автобустың жолсерігі оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Апаттың зардаптарын жоюға ҚР ТЖМ арнаулы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Поездардың қозғалысына кедергі келген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны