14.01.2010, 15:24 2567

Өткен тәулікте Индонезия жағалаулары, Тынық мұхиты мен Жаңа Гвинея аралдарында жер сілкіністері болды

Өткен тәулікте Индонезия жағалаулары, Тынық мұхиты мен Жаңа Гвинея аралдарында жер сілкіністері болды

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте Индонезия жағалаулары, Тынық мұхиты мен Жаңа Гвинея аралдарында жер сілкіністері болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

РБК мәліметінше, Индонезия жағалауларында Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5,6 балл жер сілкінісі болды. АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Соронг қаласынан шығысқа қарай 225 шақырымда, 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Құрбан болғандар мен қираулар, және жер сілкінісіне байланысты цунами болу қаупі туралы мәліметтер жоқ.

Сондай-ақ, Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5,3 балл болатын жер сілкінісі бүгін Тынық мұхитындағы Тонга Корольдігі жағалауында болды. АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны