28.07.2008, 10:27 1163

Өткен тәулікте Қазақстанда түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды

Өткен тәулікте Қазақстанда түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өткен тәулікте Қазақстанда түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Аршалы ауданында Екатеринбург - Алматы тас жолының 1349-шы шақырымында 27 шілдеде сағат 21.00-де "КамАЗ көлігінен бөлініп қалған тіркеме жолдың қарсы бетіне шығып, "Тойота-Превия" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Тойота-Превия" көлігінің жүргізушісі мен онда отырған сегіз жолаушы, соның ішінде екі бала қаза тапты.

Ал Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Қызылорда - Павлодар тас жолының 317-ші шақырымында 27 шілдеде сағат 16.30-да "Ниссан" көлігінің жүргізушісі көлліктің тізгініне ие бола алмай, көлігін аударып алды.

Соның салдарынан 43 жастағы жүргізуші оқиға орнында, ал оның 15 жастағы жолаушысы ауруханада жан тапсырды.

Қызылорда облысының Құмкөл ауылында Құмкөл - Қызылорда тас жолының 55-ші шақырымында 27 шілдеде сағат 13.35-те "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан 22 жастағы екі жүргізуші мен 23 және 20 жастағы екі жігіт түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны