31.05.2010, 11:01 6547

Өткен тәулікте Қазақстанда жол апаттарынан үш адам қаза тапты

Өткен тәулікте Қазақстанда жол апаттарынан үш адам қаза тапты

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте Қазақстанда жол апаттарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанадағы Алаш көшесінде 30 мамырда сағат 20.00-де "Мазда" көлігі аударылды. Апат салдарынан жеңіл автокөлікте отырған жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, кеше сағат 19.10-да Қызылорда облысының Сырдария ауданы Шымкент - Самара тас жолының 495-ші шақырымында "Тойота" және "Мерседес" автокөліктері соқтығысты. Апаттан "Мерседес" көлігінде отырған жолаушы әйел қаза тауып, жүргізуші мен екі басқа жолаушы ауруханаға түсті.

Сондай-ақ, 30 мамырда сағат 05.00-де Жамбыл облысының Луговое - Құлан тас жолының 3-ші шақырымында "Тойота" көлігі аударылды. Жол апатынан автокөлік жүргізушісі қаза тауып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны