26.09.2011, 14:10 3505

Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас аймағында жер сілкінісі болды

Өзбекстан аумағында болған жер сілкінісінің дүмпуі MSK-64 2 балл шамасында Таразда байқалды.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас аймағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмикалық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің мәліметтеріне сүйене отырып хабарлауынша, 26 қыркүйек күні сағат 01.18-де, Өзбекстан Республикасының аумағында К=11,2 энергетикалық қуатымен жер сілкінген. "Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 463 шақырым жерде анықталды", - делінген таратылған хабарламада.

Өзбекстан аумағында болған жер сілкінісінің дүмпуі MSK-64 2 балл шамасында Таразда байқалды.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны