01.10.2009, 09:39 1568

Павлодар қалалық Ішкі істер департаментіне жүйке-неврологиялық диспансер ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Павлодар қалалық Ішкі істер департаментіне жүйке-неврологиялық диспансер ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Павлодар қалалық Ішкі істер департаментіне жүйке-неврологиялық диспансер ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 30 қыркүйекте сағат 19.05-те Павлодар ІІД кезекші пультіне Усолка көшесіндегі жүйке-неврологиялық диспансер ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті.

ҚР ТЖМ ақпаратына сәйкес, 10 медицина қызметкері сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны