03.05.2007, 10:53 2797

Павлодар облысында 1500 гектар аумақта орман өрті шығуына байланысты Шалдай орман шаруашылығының өрт-химиялық станциясының екі қызметкері қаза тапты

АСТАНА. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Павлодар облысында 1500 гектар аумақта орман өрті шығуына байланысты Шалдай орман шаруашылығының өрт-химиялық станциясының екі қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, өрт 2-мамырда "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватындағы Садықащы орман шаруашылығы аумағында шыққан. Өрт шамамен 1500 гектар аумақты, соның ішінде 900 гектар орманды, 200 гектар өсімдікті, 100 гектар көтеріңкі аумақты шарпыған. Елдімекендерге қатер төнген жоқ. Алайда, Садықащы ауылынан 51 адам, соның ішінде 37 бала Шалдай ауылының интернатына көшіріліп орналастырылды.

Сонымен бірге министрлік ақпаратына сәйкес, өртті сөндіру барысында Ботабас шатқалынан жанып кеткен "ГАЗ-3308" маркалы қосалқы өрт сөндіруші автокөлік пен Шалдай орман шаруашылығының өрт-химиялық станциясының екі қызметкерінің мәйіті табылды.

Қазіргі жағдаймен өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен 21 адамы, "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватының 28 техникасы мен 100 адамы, РФ Алтай аймағының 6 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны