23.12.2009, 13:58 3176

Павлодар облысында автобус аударылып, адамдар зардап шекті

Павлодар облысында автобус аударылып, адамдар зардап шекті

Павлодар. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында түнде Омск - Павлодар бағытында қатынайтын автобус аударылды, зардап шеккен адамдар бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға сағат 02.40-та болған. " Омск - Майқапшағай тас жолының 223-ші шақырымында Железинка кентіне дейін 3 шақырым жетпей, Омск - Павлодар бағытында қатынайтын "Хюндай" маркалы, 30 жастағы жігіт айдаған ресейлік нөмірі бар бағытты автобус құлады. Автобуста тағы бір ауысым жүргізушісі мен 13 жолаушы болған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, апат салдарынан екі жолаушы зардап шеккен. Железинск аудандық орталық ауруханаға Екібастұздық 48 жастағы әйел мен Курчатов тұрғыны - 40 жастағы әйел жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тоғыз жолушы жолай кездескен автобуспен Павлодарға жіберілген. Зардап шеккендердің екі туысы Железинка кентінде қалуға ниет білдірген.

Қазір апаттан құтқару қызметтері құлаған автобусты тұрғызып, одан әрі тасымалдау үшін оқыс оқиға орнына аттанды. Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны