11.12.2006, 10:15 2430

Павлодар облысында героин партиясымен есірткі тасушы ұсталды

ПАВЛОДАР. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Павлодар облысындағы "Өрлітөбе" кеден бекетінде Ресейге героин алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі Павлодар мен Омбы арасында қатынайтын халықаралық жолаушылар автобусына тінту жүргізген кезде табылған. "Героинді "Граф" атты иісшіл ит тапты",- дейді кеденшілер.

25 жастағы Павлодар тұрғыны есірткіні алып өтпек болған. 100 грамнан астам есірткіні ол іш киімінің ішіне жасырыпты. Сараптама қорытындысы күдіктіден тәркіленген ақшыл сұрғылт түсті заттың ауған героині екенін көрсетті. "Бұл есірткі тасушылар арасында "999" пробалы деп аталатын жоғары сапалы героин", дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау жөнінде айып тағылып отыр.

Бұл Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының Павлодарға қарасты бөлігінде желтоқсаннның басынан бері әшкереленген алғашқы есірткі тәркілену оқиғасы. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда 2006-жылдың 11 айында павлодарлық кеденшілер заңсыз есірткі тасымалдауға қатысты 23 дерек әшкереленді. 72 килограмм түрлі есірткілік заттар табылды. Бұл республиканың кеден мекемелері жыл басынан бері тәркілеп алған жалпы көлемнің 30 процентін құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны