15.01.2007, 18:47 2937

Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан топ құрықталды

ПАВЛОДАР. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодар облысында аймақтың төрт ауылында мал ұрлығын кәсіп еткен топ құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Күдіктілерді қылмыстың ізін суытпай ұстады. Өткен түні бір жергілікті тұрғын Кашыр аудандық полиция бөліміне атының ұрланғандығы туралы арызданған. "Түн қараңғысын пайдаланған бейтаныс адам мал қорадағы биені шығарып, белгісіз бағытқа алып кеткен",- дейді департаменттегілер.

Жедел іздестіру шаралары барысында Қашыр ауданының 24, 25 және 26 жастағы үш тұрғыны құрықталды. Олар өз кінәларын мойындап отыр.

Сондай-ақ, тергеу барысында ұсталғандардың тағы да осы тектес жеті дерекке қатысы бар екені анықталды. "Үшеуінің Осьмерыжск, Береговое және Березовка ауылдары тұрғындарының малдарын ұрлағандықтары анықталды",- деп хабарлады Қашыр аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Сәрсенов.

"Олар көбінесе кәрі адамдардың сиырлары мен жылқыларын ұрлап, етін Павлодар қаласының орталық базарына өткізіп отырған",- деді ол.

Күдіктілердің ұстау кезінде олардан ет өткізіп тапқан 40 мың теңге тәркіленген. Сонымен қатар, тінту барысында полицейлер олардан 16 калибрлі бір оқпанды екі аң аулау мылтығын тәркіледі.

Е. Сәрсеновтің сөздеріне сүйенсек, ұсталғандар мал ұрлаумен өткен жылдың тамыз айынан бастап айналысқан. Зардап шеккендерге әкелген шығын 2 млн. теңгеге бағалануда. Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-тармағы "Бөтен мүлікті ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны