28.02.2013, 14:14 6314

Павлодарда 20 жастағы жұмысшы абайсызда екі аяғынан айырылды

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі Павлодар облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Баян Мағзұмоваға сілтеме жасай отырып хабарлай ды.

Павлодар. 28-ақпан. Kazakhstan Today - "Павлодар шиномонтаж зауыты" АҚ-ның 20 жастағы жұмысшысы тас ұсақтағыш станокта жұмыс істеп жатып, қос аяғынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі Павлодар облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Баян Мағзұмоваға сілтеме жасай отырып хабарлай ды.

"Кеше, 27 ақпан күні, түскі сағат 14.45-те "екі аяқтың ампутациясы" деген диагнозбен 20 жастағы жігіт қаладағы №1 ауруханаға жеткізілген болатын. Яғни оның екі аяғы қатар кесіліп қалған. Ол қаладағы "Павлодар шиномонтаж зауыты" АҚ-ның 20 жастағы жұмысшысы екен. Тергеу анықтағандай, жұмыс уақыты кезінде тас ұсақтағыш станокты басқарып тұрған 20 жастағы жігіттің қос аяғын да станок кесіп кеткен", - деді Баян Жапатайқызы.

Оның айтуынша, қазір арнайы тергеу тобы құрылып, өндіріс орнында жұмыс істеп жатыр. Жігіттің денсаулығына сот-медициналық сараптама белгіленген. "Толық ақпаратты сараптама қорытындысы белгілі болған соң біле аласыздар", - деді Б.Мағзұмова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны