02.10.2007, 18:07 2852

Павлодарда "Ауди-80" көлігі бетон бағанаға соғылып, жүргізушісі қайтыс болды

Павлодарда "Ауди-80" көлігі бетон бағанаға соғылып, жүргізушісі қайтыс болды


Павлодар. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда "Ауди-80" көлігі бетон бағанаға соғылып, жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, көлік апаты жексенбіде 30-қыркүйекте болған.

"Көлік апатының куәлерінің айтуынша, Павлодардың тұрғыны басқарған "Ауди-80" маркалы көлік өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Жас жүргізуші өз бағытында келе жатқан "Мазда-626" көлігімен соғылып, соққының салдарынан "Ауди-80" көлігі бетон бағанаға барып соғылған",- деді агенттік тілшісіне берген сұхбатында аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

Оқиға болған жерге келіп жеткен дәрігерлер "Ауди-80" көлігінің 26 жасар жүргізушісіне көмек көрсете алмады. Ол ауруханаға бара жатқан жолда, жедел жәрдем көлігінің ішінде көз жұмды. Жол полициясы басқармасының қызметкерлері, жігіттің өзі кінәлі екендігін атап көрсетті. "Мазда-626" көлігінің жүргізушісі айтарлықтай жарақаттар алмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны