05.09.2006, 10:25 2937

Павлодарда бес адам, соның ішінде құтқару қызметінің қызметкері хлордың буынан уланды

ПАВЛОДАР. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодарда бес адам, соның ішінде "051" құтқару қызметінің қызметкері хлордың буынан уланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық құтқару қызметінің кезекші бөлімінен хабарлады.

Оперативтік кезекшінің хабарлауынша, оқыс оқиға Лесозавод ауылындағы бір жеке меншік үйде болған. "Зардап шеккендер газ баллондарын металл сынықтары ретінде өткеру үшін кесуге әрекет жасаған",- деп хабарлайды ақпарат көзі. Бір ыдыста хлор болған. Кесуге байланысты ол ауаға шығып кетті.

Соның салдарынан бес адам, соның ішінде шақыру бойынша келген "051" құтқару қызметінің қызметкері хлордың буынан уланды. "Қазір зардап шеккендердің жағдайы орташа",- деп хабарлайды құтқару қызметі. Улы бу 15 метр жерге таралған. "Хлормен зақымдану салдарынан көршілес учаскелердегі көкөніс егісі де зардап шекті".

Оқиға орнынан хлор құйылған 10 ыдыс табылды. Қазір облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баллондардың қайдан шыққанын және олардың жай адамдардың қолына қалай түскенін анықтап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны